ҚОР ТУРАЛЫ
Қазақстан жастар ақпараттық қызметі жастардың азаматтық белсенділігін дамытумен айналысады
ЖЫЛ САНДАРЫ
17
іске асырылған жоба
16 272
111
752
жаңалық алушы
мәрте БАҚ-қа шығу
қатысушы
87
43 217
678 836
материал
қаралым
Интраграм желісінің қамту деңгейі —
Жобаларға
Сайтта жарияланған
Сайтта
АЗАМАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
2021 жылы азаматтық білім беру мектебінің 4 маусымы Алматы, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында және алғаш рет қазақ тілінде өтті.
287
122
қазақстанның 3 қаласынан түскен 287 өтінім
қазақстанның 3 қаласындағы мектептің 122 қатысушысы
43
51
43 дәріс
51 спикер
Нәтижелері
БІЗ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ
«Азаматтық білім мектебі мен үшін керемет тәжірибе болды, өйткені ол менің жеке пікірімді өзгертуге мәжбүр етті. Әсіресе адам құқықтары туралы көп нәрсе білдім, мектеп адам құқықтары туралы түсінігімді кеңейтті десе қателеспеймін».
«Азаматтық білім беру мектебі — елдің болашағына жаны ашитын, елдің дамығанын қалайтын өзіммен бірдей көзқарастағы жастармен кездесуге, олармен достасуға, танысуға мүмкіндік берді. Еліміздегі өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын мықты сарапшылармен бірге сұхбат жүргізіп, олардан ең керек мағлұматтарды алуға мүмкіндік сыйлады. Адам құқықтары туралы ең бастапқы білімдерді мектеп кезінде алған болатынмын, бірақ мектепте де, университетте де айтыла бермейтін кейбір мәліметтер, адам құқықтарының пайда болу тарихы, оның маңызы, оның күнделікті өмірде алатын орны, оның қолданыс аясы қандай деген сұрақтарға жауап таптым».
«Азаматтық білім мектебі маған құқық, саясат, феминизм туралы базалық білім берді. Менде базалық білім болды, бірақ мектеп осы мәселелер жайлы түкпірлетіп ойлауға мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар, Азаматтық білім мектебі керемет достар сыйлады деп айта аламын. Себебі осы азаматтық білім мектебінде мемлекетті өзгертуге құштар өзім сияқты керемет жастармен таныстым. Осы үшін мектепке ризамын».
Миргали Ажмухамбетов
Жандос Уалихан
Жансая Алиева
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
Юрий Карпинский
«Азаматтық білім беру мектебі маған біздің өз құқықтарымызды қорғауға құқығы бар адам екенімізді түсіндірді, адам құқығы әр адамның ажырамас меншігі болып табылады. Менің адам құқықтары туралы түсінігім Мектептің әсерімен қатты өзгерді. Адам құқықтарын қорғау керек екенін, саған қысым көрсете алатын мемлекеттік органдардан және де ықпал ете алатын саяси күштерден қорықпау керек екенін түсіндім. Керсінше, сіз басқаларды осыдан қорғауыңыз керек және, тіпті, қорғауға міндеттісіз, өйткені Қазақстанның болашағы жастарда».
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕКТЕБІ
Адам құқықтары мектебі Қазақстанның жас құқық қорғаушыларын тәрбиелеуде. Қатысушылар негізгі білім алып және қысқа адвокатура аясында адам құқықтарын қорғауды үйренеді. Жоба 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, 2021 жылы базалық курстың 4 түлегі өзінің құқық қорғау жобаларын іске қосты.
Адам құқықтары жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі 6 кіріспе семинар
6
қазақстанның 8 өңірінен базалық курсқа іріктелген 24 белсенді
24
4 жоба шағын гранттармен қолдау тауып, қатысушылар жүзеге асырды
4
кіріспе семинарларға 126 қатысушы
126
Open Parliament
Жоба 2003 жылдан бастап жұмыс істейді және жас сарапшыларды заңнамалық бастамалар мен шешімдер қабылдау процестеріне қатысуға тартады, азаматтар мен олардың сайланған заңды өкілдері арасындағы ақпараттық алшақтықты азайтады. МИСК еліміздің түрлі облысынан, сондай-ақ түрлі қызмет салаларынан делегаттар іріктейді, Парламент Мәжілісінің қызметімен, партиялық фракциялармен таныстырады және сарапшыларды жұмыс топтарына қосуға жәрдемдеседі.
2021 жылғы 7 шілдеде қоғамдық саясаттың түрлі саласының 15 жас сарапшысына заң шығару қызметіне қатысу бойынша семинар, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің жұмыс топтарына қосу бойынша бірқатар іскерлік кездесулер өтті. Тамыз және қыркүйек айларында қатысушылардың Мәжіліс депутаттарымен: «Қазақстанның Халық партиясы» фракциясының мүшесі Ирина Смирновамен және «Nur Otan» фракциясының мүшесі Снежанна Имашевамен кездесулері өтті.

Ирина Смирнова жоба қатысушыларына өңірлерге жұмыс сапары туралы ақпаратты, кенттер мен ауылдардың тұрғындары тап болатын проблемалар тізбесін, атап айтқанда таза ауыз суға қол жеткізуді шектеу және Интернетке қол жеткізу жүйелерінің болмауын бөлісті; өзінің Парламент Мәжілісіндегі жұмысы туралы, жұмыс топтарына қатысу және заң жобаларын қарау туралы; талқыланып отырған заң жобасына салыстырма кестедегі позициялар бойынша зерттеулермен немесе мониторингтермен нығайтылған негіздемелерді жіберу әдісімен заңнаманы жақсарту үшін Парламент депутаттарына жәрдемдесу мүмкіндігі туралы ақпаратты бөлісті.

Снежанна Имашева Мәжіліс жанындағы заң жобаларын қарау бойынша жұмыс топтарын құру рәсімі; жұмыс топтарында шешімдерді талқылау және қабылдау процесі; қоғамның заң шығару процесіне қатысуы; заңнаманы жақсарту мақсатында азаматтық қоғамның Парламент депутаттарымен ынтымақтастығының тиімді нысандары туралы айтып берді.

Вебинар қорытындысы бойынша МИСК егер сіз депутат болмасаңыз, заңдарды әзірлеуге қалай қатысуға болатыны жайлы нұсқаулық дайындап, жариялады

САЯСАТТАҒЫ ЖАСТАР
2021 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында МИСК «Жастар және саясат: Қазақстандағы шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері» атты конференция өткізді. Жастар ұйымы мен қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар, құқық қорғаушылар, Парламент Мәжілісінің депутаттары – Ғани Хамзин мен Геннадий Шиповских, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Шахмардан Байманов жастардың саяси қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Конференциядан кейін қатысушылар «Жастар даму индексі» және «Жастар саясаты туралы» Заңға болашақта енгізілетін өзгерістерді талқылауға шақырылды.
2021 жылғы 15 қазанда Нұр-сұлтан қаласында "Жастар және саясат: Қазақстандағы шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктері" атты конференция өтті. Іс-шараның мақсаты - жастардың саяси құқықтарын, мүмкіндіктерін және шешім қабылдау үдерістеріне қатысу тетіктерін талқылау болды.
Конференцияға Мәжілістің екі депутаты - Ғани Хамзин, Геннадий Шиповских және ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің басшысы Шахмардан Байманов қатысты.
ZhasCamp
Accelerator
Жастар қоғамдық бастамаларды дамытатын, әлеуметтік дамудың үздік тәжірибелерін тарататын Жастар конференциясының акселераторы 2010 жылдан бастап жұмыс істейді.

2021 ЖЫЛЫ 8 ҚАТЫСУШЫ ӨЗ ЖОБАСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒАРДЫ

Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Көкшетау, Жаңаөзен, Орал, Петропавл, Тараз, Атырау және Қостанай қалаларынан келген «ZhasCamp 2020-2021» үздік 18 түлегі екі айдың ішінде инвесторлармен жұмыс істеуді, краудфандинг кампаниясын бастауды үйренді. Жұмыс қорытындысы бойынша, 18 қатысушының сегізі өз жобасын тұрақты деңгейге жеткізді: 3 адам қаржы көзін тапты; біреуі пластик қалдықтарды қайта өңдеу станоктары бар эко-шеберхана ашты; бірі Білім және ғылым министрлігіне өнертабысты апробацияға жіберді; бірі Атырау қаласындағы жастарға кәсіптік бағдар беру тренингін өткізеді; бірі мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа тұруына арналған сайт жасайды; ал енді бірі карта ойынын жасап шығарып, сатылымға шығарды.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫ
Human Rights Fest
Биыл іс-шаралар 5-18 желтоқсан аралығында Астана, Алматы, Петропавл және Шымкент қалаларында өтіп, 301 адамды жинады.