Жобаның мақсаты – дене бітіміне байланысты құқықтарының бұзылуына тап болған адамдарға алаң беру. Жоба авторы – Адам құқықтары мектебінің түлегі Камила Еңсегенова. Бейне жазбалардағы спикерлер артық салмаққа байланысты кемсітуге ұшырағаны туралы айтып, буллингті жеңу тәжірибесін бөліседі. Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды: кем дегенде 4 жарияланым фэтшейминг тақырыбын және онымен қалай күресу керектігін жария етті.

Жоба іске қосылғаннан кейін жоба авторы сыртқы келбетіне, көп жағдайда артық салмағына байланысты қорлыққа тап болған түрлі адамнан әңгімелер ала бастады. Бірақ сонымен бірге, қорлықты бастан кешіріп, өзін сол қалпында қабылдаған адамдар туралы ашық айтатын жоба семіздікті, дұрыс емес өмір салтын насихаттады және жалқаулықты дене позитивтігімен ақтады деп айыпталды. Кейіпкерлерді іздеу кезінде ашық сұхбатқа 10 адам жауап берді, 17 адам өз оқиғасын тікелей эфирде айтуға ниет білдірді, 30-ға жуық адам өз оқиғасын жасырын түрде бөлісті.
Жобаның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін жария ету, жобаның Instagram парақшасында ақпараттық науқан жүргізу және қазақстандық әйел құрбандар хикаяларының қорытынды көрмесін өткізу. 19-21 қараша аралығында Петропавлда «Есіктердің артында» – тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары әңгімелерінің көрмесі өтті. Шараны Адам құқықтары мектебінің түлегі Кристина Масленникова ұйымдастырды.

Көрме қонақтары түрлі жаста және түрлі жағдайда жақын адамдарынан физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылық көрген 11 әйелдің тарихымен танысты. Біреу балалық шағында зорлық-зомбылыққа тап болса, біреу үйленгеннен кейін тап болған, біреудің басынан бір рет өтсе, біреулер жылдар бойы жалғыздықта қиналып жүрген.

Зардап шеккендер бастан кешкен жағдайдың атмосферасын жеткізу үшін көрме кеңістігі киім-кешек жіптеріндегі жаймалар, еденге шашылған ойыншықтар мен абайсызда қалдырылған киімдер салынған шкафы бар «үйге» айналды.

Көрмені 70 адам тамашалады.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАРЫ
Артық емес
Есіктердің артында
Саяси тұтқындар.
«Надандығымыздың» тұтқынында
13 қарашада Павлодарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Әбілқас қазақстандық саяси тұтқындарға арналған көрме өткізді. Көрмеде бостандыққа шыққан саяси тұтқындар – Әлнұр Ильяшев, Владимир Козлов, Евгений Жовтис, Мұхтар Жәкішев, Макс Боқаев және Арон Атабектің 6 хикаясы бар. Шараға 40-қа жуық адам қатысты.

Қиындықтар да болды: көрмеге бір апта қалғанда бастапқыда жалға алынған орын жалға беруден бас тартып, қыздың отбасына бірнеше рет қоңырау шалып, мұндай шараны неліктен өткізіп жатқанын және оқушы қыз болашағынан қорқып-қорықпайтынын сұраған. Бірақ кездескен қиындықтарға қарамастан көрме сәтті өтті.

Жоба БАҚ-та кеңінен жарияланды: кем дегенде 4 басылымда қазақстандық саяси тұтқындарға арналған көрмені өткізген оқушы қыз туралы айтылған.
Өзіңді қорғай біл
Бұл осал жағдайдағы әйелдердің құқықтық сауатын арттыруға арналған қазақ тіліндегі нұсқаулық. Жоба авторы Әйгерім Ермекбай – адам құқықтары мектебінің түлегі, заңгер және блогер.
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕКТЕБІНЕ